Корей мәдениетіне қызығушылық кино арқылы туады

Қазақстандағы корей мәдени орталығының құрылғанына биыл – 10 жыл. Осы уақыт аралығында орталық кәріс мәдениеті мен тарихына қызығушылар үшін түрлі шаралар ұйымдастырып, тереңірек таныстыруға үлес қосты.

Мәдениет орталығы ұсынатын шаралардың ішінде корей кино апталығының жөні бөлек. Қазақстандық көрермендердің көңілінен шыққан бұл дәстүрді біз биыл да жалғастырамыз, - дейді елордадағы Корей мәдени орталығының директоры Ли Хе-Ран.

Оның айтуынша, кино апталық биыл 11 ші рет  көрермендерге кореялық озық туындыларды ұсынады.

Айта кетейік, өткен жылы Корея Республикасындағы кино әлемінің пайда болғанына 100 жыл толды.

ЛИ ХЕ-РАН, КОРЕЙ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Кино апталығы барысында маусымға, мезгілге сай киноларды көрсетуге тырысамыз. Мысалы, қыс мезгілінде  Жаңа жыл, Рождество мерекелеріне сай туындыларды көрермен назарына ұсынсақ, жазда драма, экшн, қылмыс пен жазаға байланысты киноларды көрсетеміз. Биыл да біз осы дәстүрімізді сақтап қаламыз. Біз не себепті корей киносын көрсетуге құмармыз? Себебі сіз Кореяда бірде бір рет болмасаңыз да, біздің түрлі жанрдағы киноларымыз арқылы елдің мәдениеті және тарихымен жақынырақ таныса аласыз. Әрбір киносүйер қауымға біздің орталықтың есігі ашық.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото:kto-irkutsk.ru