Этнодизайн – әлемдік деңгейдегі тренд

Этнодизайн бағыты бара-бара сән әлемінің жаңа трендіне айналып келеді. Ал аталмыш бағытта жұмыс істейтін отандық дизайнерлердің шетелдік байқауларда жеңімпаз атануы бұл бағыттың алдыңғы орынға шығып келетіндігін дәлелдейді.

Елордада өткен Еуразиялық дизайнерлер одағының кездесуі барысында Одақ төрағасы осылай дейді.

Ермек Асылхановтың айтуынша, кез келген жерге ою-өрнекті жабыстырмай, заманауи бағытты араластыра отырып, дизайнерлік бұйым жасау – ұлттық үлгідегі дүниелердің сәнге айналуының басты себебі.

ЕРМЕК АСЫЛХАНОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Қазір этнодизайн деген бағыт бар. Бұл бағыт бүгінде дамып келе жатыр. Этнодизайнның ішіне экодизайн кіреді. Біздің дизайнерлік, көркем қолөнер бұйымдары экологиялық таза заттардан жасалған. Қазір біз бір бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. Мына түріктер, сақтар, біздің сонау ескі замандағы ата-балаларымыз қандай тамақ ішті? Сондай-ақ ағаш, сүйек, былғарыдан жасалған ыдыс аяқ бар екен. Соған таңғалдық. Қазір біз соған реанимация жасап жатырмыз. Алға қойған мақсатымыз – қазақ дизайні арқылы қазақ халқының рухани және шығармашылық жетістіктерін әлемге паш ету.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: brother-friends.ru