«Астана Опера» театрында «Музыкалық қиылыс» концерті өтті

Шегі жоқ, шекара талғамайтын саф өнер Арқа төрінде Орталық Азияның майталмандарын тоғыстырды.

«Астана Опера» театрының сахнасында кезекті рет отандық және шетел өнерпаздарының шығармашылығы үндестік тапты. 

Игі дәстүрге айналған «Музыкалық қиылыс» жобасының бұл жолғы қонағы – Қырғызстанның Халық әртісі Эрнис Асаналиев. Танымал скрипкашы жергілікті өнер сүйер қауым назарына аспаптық орындаушылық шеберлігін паш етті.

Сазды сарындар салтанат құрған әуезді кеште Моцарт, Бах, Шуман сынды әйгілі классикалық композиторлармен қатар, заманауи сазгерлердің жауһар туындылары орындалды.

Сондай-ақ қырғыз елінің дарабозы жергілікті камералық оркестрге жетекшілік жасап, дирижерлік қырымен де танылды.

ЭРНИС АСАНАЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 - «Астана Опера» театрының камералық оркестрі – кәсіби музыканттардан құралған ұжым. Сондықтан бір-бірімізбен тез ұғыныстық. Күрделі туындыларды бірге орындау үшін бір-ақ  күндік дайындық жеткілікті болды. Болашақта бірлескен музыкалық бағдарламалар құрып, қос елдің астаналарын сабақтастыратын концерттер береміз деп келістік. Тек бас шаһарларда ғана емес, өңірлерді де аралап, достық көпірін жалғайтынымызға кәміл сенемін.   

Авторы: Жеңіс Ермұқанов  

Фото: pkomanas.gov.kg