Елімізде Тәжікстанның Еңбек сіңірген әртісі Дилором Сатторованың би сабақтары болды

Қазақстан мен Тәжікстан түрлі саладағы өзара ынтымақтастығын жыл өткен сайын бекітіп келеді. 2020 жылдың алғашқы мәдени шараларының бірі – Тәжікстанның Еңбек сіңірген әртісі Дилором Сатторованың би сабақтары болды.

Хореограф бірнеше күн бойы елордалық ансамбль мүшелеріне тәжік ұлтының ең танымал би түрлерін үйретті. Маман қазақ балаларымен жұмыс істеу жеңіл әрі қызықты болғандығын айтты.

ДИЛОР САТТОРОВА, ТӘЖІКСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ХОРЕОГРАФ:

– Алғашында мен қиын болады деп ойладым. Бірақ балалардың бастапқы іргетасы берік қаланғандығына көзім жетті. Классика жағынан балалардың шеберлігі шыңдалған. Сондықтан да маған қыздармен және ер балалармен би қойылымын қою оңай болды. Мен дәл осы «Номад» мектебін Тәжікстанға шақырғым келеді. Біздің министрлігіміз шақырса, олар да біздің елге қонақ болып келсе екен деймін.

ДІЛНАЗ БЕГАЛИНА, БИШІ, 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

– Біз бұған дейін Өзбекстанның Еңбек сіңірген қайраткерімен жұмыс істеген едік. Ал қазір Тәжікстанның Еңбек сіңірген қайраткерімен бірге еңбек еттік. Мен үш күннің ішінде үш түрлі биді үйренгенімізге қуаныштымын. Бұл әрине өте қиын болды, бірақ біздің қолымыздан келді. «Домбра базм», «Тоновор» және «Занг» деп аталатын үш қойылым. Оның ішінде «Домбра базм» ең қиыны болды. Өйткені бұл қойылымда қыз балалар мен ер балалар бірге өнер көрсетеді. Барлық қимылды бірге жаттау ол қиын. Десек те, біз тез жаттап, өз өнерімізді жақсы деңгейде көрсете алдық. Мен қуаныштымын.

«NOMAD» ансамблі бүгінгі күні еліміздегі ең атақты ұжымдардың бірі болып табылады. Ансамбль Қазақстан халқы Ассамблеясында, БҰҰ-нда, елшіліктерде, ірі республикалық және қалалық іс-шараларда өнер көрсеткен. Сонымен қатар Италия, Франция, Болгария, Ресей, БАӘ-нің республикалық және халықаралық конкурстарында Гран-при жүлдегері атанған.

Ұжым репертуарында әлем халықтарының 23-тен астам биі бар. Алайда олардың қатарында тәжік ұлтының биі болмаған.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: Facebook