Бибігүл Төлегенова Алматыда 90 жас мерейтойын атап өтті

Қазақстанның халық артисі, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова Алматыда 90 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Салтанатты кеш Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Бибігүл Ахметқызы 70 жылдан астам уақыт бойы киелі сахнада жүр. Бұл күні ол өзінің бай репертуарындағы әндерді орындап, тағы да көрерменнің ықыласына бөленді.

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 - Халықтың ықыласына мен мыңда бір ризамын. Мені ең бірінші халық көтерген. Құдайыма мың шүкір. Бүгін тоқсанға келсем де «Қазақтың бұлбұл әнші қызы» болып отырғаныма мен өте бақыттымын.  

Салтанатты кеште қазақтың салт-дәстүріне сай мерейтой иесінің иығына камзол, басына ақ жаулық жабылды.

Ал туған жері Семейдегі Мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетін болды.

Атап өтерлігі, Бибігүл Ахметқызының есімі ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енген.

Сонымен қатар қазақтың бұлбұл әншісі – бүгінде 20-дан астам марапаттың иегері.

Фото: tengrinews.kz