«Астана Балет» сахнасында «Золушка» балетінің премьерасы өтті

Аты аңызға айналған «Золушка» балетінің премьерасы «Астана Балет» театрының сахнасында. Шарль Перро ертегісінің желісімен қойылған спектакль елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына бүгін ұсынылады. Заманауи би мәнері, жарқын кейіпкерлер, айрықша декорациялар.

Хореографтардың айтуынша, «Золушка» - артистерден көп күш-жігер мен күрделі техникалық мүмкіндіктерді талап ететін көлемді қойылым. 

НАДЕЖДА КАЛИНИНА, ХОРЕОГРАФ /РЕСЕЙ/:

 - Бірінші кезекте, әуені ерекше, екіншіден, үш актілі партитурадан екі актілі балет жасау керек болды, бұл өте қиын. Сергей Прокофьев туындысының кей жерлерін қимастықпен алып тастадық. Декорацияларымыз өте күрделі. Міне, осындай бірлескен жұмыстың нәтижесінде сахнада нағыз ертегі боларына сенімдімін.

Өте жарқын қойылым Күлше қыздың күнделігі түрінде көрсетіледі. Белгілі сценограф Сергей Новиковтың түсіндірмесінде балет тақырыбын тек декорациялардан ғана емес, ұсақ бутафориялар мен артистердің костюмдерінен де байқауға болады. Бірақ бас кейіпкердің атақты хрусталь аяқ киімін жарқыраған тастармен безендірілген балет пуантасы алмастырады.

ТАТЬЯНА ТЕН, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Аяқ киім асыл тастармен көмкерілген. Бұл – мүлдем жаңа қойылым, ол бізге, біздің артистерімізге арнайы қойылған. Костюмдер, декорациялар, әрине, барлығы жаңадан. Бұл – үлкен жауапкершілік. Оған қоса, мен бұл қойылымды алғаш рет ойнап жатқандықтан, артист ретінде – бұл өте қызық. Жаңа партия, тиісінше атқарылар жұмыс та жеткілікті.

Театр жетекшілерінің айтуынша, келер жылы «Золушка» балеті труппаның шетелдік гастрольдерінің тізіміне енгізілмек. Ал әзірге, жақсылық пен сиқырға толы ертегіні елорда тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. Қойылым 21,22 желтоқсан және 7,8 қаңтар күндері тағы қойылады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: ru.sputniknews.kz