Елордада Виктор Поликарповтың көрмесі өтті

 

Ақынмен диалог. Павлодарлық суретші Виктор Поликарповтың туындылары өлең сөздің зергері Павел Васильевтің шығармаларына арналған. Ақын қазақ даласының сұлулығын жырлап, халық аңыздары мен эпостарын орыс тіліне тәржімалаған.

Осылайша, қазақ мәдениетін орыс оқырмандарына таныстыру, қос халықты жақындастыру жолында еңбек етті. Васильев шығармалары кенепке түскен әр бояу сызығы мен иірімдерден оқылатындай. Графика жанрында жұмыс істейтін қылқалам шебері «өзіме Васильевтің еуразиялық идеясы жақын» дейді.

Елордадағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығындағы экспозицияға суретшінің 20-ға жуық еңбегі қойылған. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмені қаңтар айының ортасына дейін тамашалай алады.

КОНСТАНТИН ВОРОБЬЕВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ, РЕСЕЙДІҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Павел Васильевтің шығармашылығы тек  Александр Градскийге ғана емес, көптеген адамдарға шабыт сыйлағаны сөзсіз. Оның ішінде павлодарлық суретші Виктор Поликарпов та бар. Оның жасы 81-де. Ол Павлодар қаласында тұрады. Елордаға суретші өзінің Павел Васильевтің шығармаларынан кейін туындаған өнер туындыларын арнайы алып келді. Мұнда ақынның өлеңдерінің негізінде салынған картиналар ұсынылған. Автордың жеке коллекциясынан мұнда алғашқы басылған туындылары қойылды. Бұл картиналарды тек бізден ғана көре аласыздар. Сондықтан да біз Павел Васильевтің өнерін бағалаушыларды, тек Павел Васильевтің ғана емес әрине, қазақ даласының өнерін бағалаушыларын шақырамыз.

Авторы: Ақзер Сеізбаева

Фото: ru.sputniknews.kz