Елордада Әбіш есімі ұлықталды

Елордада Әбіш Кекілбайұлының есімі ұлықталды. «Қазақ концерт» залында қаламгердің 80 жылдығына арналған концерт өтті. Қалың көрермен халық жазушысының әдеби мұрасына негізделген концерттік бағдарламаны, театрландырылған көріністі тамашалады. Сахнада дәстүрлі ән өнерінің майталмандары өнер көрсетті.

Шараны тамашалауға келгендер абыздың еңбек жолы мен шығармаларына қанығып қайтты.

САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Ұлттық мақтаныш тұтатын тұлғаларымыз үшін мақтана алатын деңгейге жеткеніміз өте сүйінішті. Осы шараларға қатысқан барлық адамдарға оқырман ретінде, Әбіш ағаның інісі ретінде, Әбіш жайында кітап жазып шыққан қаламгер ретінде шын жүрегімнен жарып шыққан алғысымды айтамын.

Фото: kazenc.kz