Елордада Жапонияның заманауи графикалық көрмесі ашылды

Елордада «Нәзіктік тепе-теңдігі» атты бірегей көрме ашылды. Мұнда үздік заманауи тоғыз жапон суретші-графистінің жұмыстары ұсынылған.

Көрмеге барлығы жетпістен астам жұмыс қойылған. Олардың әрқайсысы стилі, темпераменті жағынан әртүрлі. Алайда, әрбір картинадан Күншығыс елінің ұлттық ерекшеліктерін көріп, оның мәдениетін тануға әбден болады.

НОРМАН ТОЛМАН, ЖАПОН ГРАФИКАЛЫҚ ӨНЕРІНІҢ КОЛЛЕКЦИОНЕРІ:

- Жапон графикасы Қазақстанда аса танымал емес, сондықтан мұнда осындай көрмені ұйымдастырайын деп шештім. Осы бірегей экспозицияны сіздердің назарларыңызға ұсынып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл жерге картиналары өзгеше үздік шеберлердің еңбектерін алып келуге тырыстым.

Фото: Государственный музей искусств им.А.Кастеева