«Абылай Хан» пьесасы «Жастар» театрында сахналанды

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Абылай хан» пьесасы елордадағы «Жастар» театрының сахнасында қайта тірілді.

Бұған дейін 2016 жылы аталмыш қойылым «Нартәуекел» атауымен көпшілік назарына ұсынылған болатын. Спектакль ел басына күн туған шақта үш жүздің басын қосып, елдің елдігін сақтап қалған Абылай хан жайлы.

Оқиға желісінде ел тағдыры жеке адамның тағдырымен сабақтасады, сонысымен де көрерменді қызықтырады. Айшықты туындыда Абылайдай даңқты қолбасшы, кемеңгер көшбасшының ерлігі поэтикалық тілмен кестелі өрілген.

НҰРҚАНАТ ЖАҚЫПБАЙ, РЕЖИССЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

- Бұл халқымыздың кемеңгер перзенттерінің бірі Абылай Хан туралы жазылған дастан. Оқиғасы өте нанымды, сенімді келтіріліп жазылған Әбіш ағамыздың драмалық шығармасының бірі, жалғызы деп айтуға болады. Осы шығарма халыққа өте керек шығарма деп есептеймін және біздің «Жастар» театрын үлкен бір деңгейге көтерген қойылым.

Автор: Ақзер Сегізбаева

Фото: keste.kz