Елорда төрінде Айгүл Саитованың жеке көрмесі есігін ашты

«Сәуле, махаббат, үйлесім». Дәл осындай атаумен елорда төрінде Айгүл Саитованың жеке көрмесі есігін айқара ашты. Өз шығармаларына автор жеке атау беруді жөнсіз деп санаған. Айтуынша, көрермен картинаға қараған сәтте тек бір тақырыппен шектелмеуі тиіс.

Өнерсүйер қауым назарына автордың 40-тан астам жұмысы ұсынылды. 12 жылдан бері суретшілікпен айналысып келетін қылқалам шебері бұған дейін өз жұмыстарын елімізден өзге, Лондонда және Бішкекте таныстырған. Сондай-ақ, Экспо-2017 көрмесі кезінде де автордың шығармалары «Healingart» алаңында көрсетілген.

АЙГҮЛ САИТОВА, СУРЕШТІ:

- Менің басты бағытым – ол менің жұмыстарым адамдарға ішкі үйлесімділік, тынышытық сыйласа деймін. Менің жұмыстарым сенім, махаббат, үйлесімдікті, жақсылыққа деген жарықты алға тартады. Қандай жағдай болмасын жарық ол адамға ең алдымен сенім сыйлайды. Ол картина арқылы берілген жарық болсын немесе басқа өнер арқылы берілсін. Келушілер менің картинама жақындай түскен сәттен-ақ белгілі бір энергияны алады деп ойлаймын. Ал менің картиналарым тек жағымды энергия береді. Оны көрермен сезінетін болады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: old.elorda.info