Краснояр мемлекеттік опера және балет театры Қазақстанға гастрольдік сапармен келді

 

Хворостовский атындағы Краснояр мемлекеттік опера және балет театры Қазақстанға гастрольдік сапармен келді. Ұжым «Астана Опера» театры сахнасының төрінде «Князь Игорь» атты операны көпшілік назарына ұсынады.

Опера өзінің күрделі тағдырымен танымал. Александр Бородин оны 18 жыл бойы дайындаған, бірақ аяқтай алмаған. Ол дүниеден озғаннан кейін барып композитор ГлазунОв өз ұстазының жұмысын аяғына дейін жеткізген. «Князь Игорь» қойылымы Сібір театрының репертуарлық қорындағы үздік туындыларының бірі.  

СВЕТЛАНА ГУЗИЙ, Д. ХВОРОСТОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ КРАСНОЯР МЕМЛЕКЕТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Біз әрине, өзіміздің сүйікті қойылымдарымыздың бірі – Бородиннің операсы – «Князь Игорьді» таңдадық. Дәл осы қойылыммен театр 30 жыл бұрын қалың жұртшылыққа өз есігін ашқан болатын. Дәл сол кезде Краснояр қаласына 350 жыл толған еді. Ал қазір бұл жаңа қойылым. Опера 2013 жылы қойылған және бұл опера өзінің балетімен ерекшеленеді. Атап айтар болсам, бұл ешкімді бей-жай қалдырмайтын белгілі «Половецкие пляски».

Краснояр театрының тағы бір тосын сыйы атақты хореограф Григоровичтің қойылымындағы «Раймонда» балеті болды. Елорда тұрғындары мен қонақтары ортағасырлық атмосфера, испан-араб және венгр мотивтері толысқан күрделі қойылымды тамашалады.

Автор: Ақзер Сегізбаева

Фото: ru.sputniknews.kz