Елордада музей түні өтеді

Нұр-Сұлтанда музей түні өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары 29 қараша күні Ұлттық музей қабырғасындағы мазмұнды бағдарламаны тамашалай алады.

Жоспарланған іс-шаралар арасында «Жанданған базар: «Абай» атты шағын театрлық қойылымы, ректорлық балл, цирк әртістерінің шоуы және концерттік бағдарлама бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ұйымдастырылатын шаралардың жарты бөлігі ғана.

Сонымен қатар, келушілерді түрлі тақырыптардағы көрмелердің ашылуы, шеберлік сабақтары, сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтарын қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыратын шолу экскурсиялары қуантпақ.

АЛМАЗ НҰРАЗХАН,  ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл түні мысырлық раритеттерді көрсетеміз, бізде күнде көрсете бермейтін музей қорларымыз бар. Жоспар бойынша біз музейде киіз үй тігіп, оның ішіндегі дүниелерді келушілер мен қонақтарға көрсетеміз. Сондай-ақ, асық ойынының бірнеше түрін тамашалай аласыздар.  Мұнда көрмелермен таныстырып, бағыт көрсететін гидтардан бөлек, арнайы мамандар болады. Нақтырақ айтсам, археологтар мен тарихшылар бағдар көрсетпек.

Автор: Ақзер Сегізбаева

Фото: inform.kz