Елордада Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарының көрмесі өтті

«Жастар – елдің тірегі». Елордада Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған байқау лауреаттары мен жеңімпаздарының жұмыстары көрмеге қойылды.

Экспозицияға шығармашылық жарыс қатысушыларының 20-дан астап туындысы қойылды. Олар декоративті-қолданбалы өнер, көркемсурет, графика және мүсін жанрларында орындалған.

Атап өтерлігі, байқауды ақпан айында Елбасы Кітапханасы және елордалық суретшілер одағы ұйымдастырған. Оған еліміздің барлық аймақтарынан жас суретшілер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – өрендердің шығармашылық бастамаларын қолдау және тарихи тұлғалар бейнелерінің заманауи галереяларын қалыптастыру.

КҮЛЯЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бұл – туған жердің, Ұлы даланың сарындары. Оны киізден жасалған бұйымдардан, суретшілердің майлы бояумен кенепке салған картиналарынан, графикалық туындыларынан байқауға болады. 2020 жылы мерейтойлық оқиғаларға толы болады. Біз Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына көпке танымал және бұл салаға енді келген жас шеберлердің еңбектерінен құралған экспозицияларды таныстыратын боламыз.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: presidentlibrary.kz