Қазақстандық «Жас сахна» театр артистері Молдовада өнер көрсетуде

Қазақстандық театр артистері Молдовада өнер көрсетуде. «Молдфест» халықаралық фестивалінде алматылық «Жас сахна» театрының труппасы Пугачёв көтерілісі туралы қойылым көрсетті.

Сыншылардың айтуынша, Алексей Шеместің «Пугачев. Рождение» туындысы жаңашылдық жоба, ал басты рольді сомдаушы Марат Амираев – биылғы фестивальде үздік деп танылды.


«Пугачев. Рождение» - моно-спектакль, яғни сахнада барлық кейіпкерлерді бір ғана актер ойнайды. Спектакльдің күрделілігі әрі тереңдігі оны қоюшылардың сезімін жеткізеді. Марат Амираев – «Пугачев» шығармасының басты кейіпкері ғана емес, сондай-ақ ол спектакльді қоюға шабыт берген тұлға. 

МАРАТ АМИРАЕВ, «ПУГАЧЕВ.РОЖДЕНИЕ» СПЕКТАКЛІНДЕ БАСТЫ РОЛЬДІ ОЙНАУШЫ:

Бұл шығарма өз ойын жеткізгісі келетін суретші жайлы. Бұның кейде оңай еместігі жайында. Кенеп пен бояуларды алып, оның айналасындағы әлемді сол кездегі шынайылықпен суретін салу – біз үшін басты мәселе осы болды.

Кейіпкердің бейнесін сипаттау, режиссердің жұмысы мен талантты актердің шеберлігі көрермендерге әйгілі «Пугачев» поэмасын жазу үстіндегі Есенинді көруге мүмкіндік береді. Ақынның бұл шығарманы жазуына не түрткі болды, не ойлады және неден күмәнданды, сондай-ақ шаруалардың қайғы-қасіреті мен бүлікші Емельянға деген көзқарасы.

АЛЕКСАНДР ПЛАТУНОВ, ТЕАТРТАНУШЫ:

- Соңғы 50 жылда есімізде қалғаны – Любимовскийдің Пугачеві, Высоцкиймен – оның танымал интонациялары. Басқа ештеңе жоқ, неге? Мәтіні ұнамайды ма? Бұл мәтіннің ұнамауы мүмкін емес. Шамаң жетпейді! Ең алдымен, рухани күшің жетпейді, мәтіннің қиын болуы соншалық. Меніңше, бүгін біз Есенин жайлы сирек кездесетін спектакльді тамашаладық.

АРМИНЕ ОГАНЕСЯН, ТЕАТРЛЫҚ СЫНШЫ:

- Жақында ғана Қазақстанда өткен фестивальге қатыстым, Көкшетау қаласында керемет шара өтті, міне, бүгін де бұл тақырып жалғасуда, мен Қазақстанмен, оның мәдениетімен, театр өнерімен етене таныстым. Бүгін қазақстандық мықты актерлердің бірін көрдім.

Фото: elgezit.kg