Нұр-Сұлтанда түрік киносының апталығы басталды

Елордада түрік киносының апталығы басталды. Көрермендерге алғашқы болып режисссер Осман Сынавтың «Ұзын хикая» драмасы көрсетілді.

Кино 70-ші жылдары Болгариядан Түркияға келген Әлидің өмірбаянын баяндайды.

Айта кетерлік жайт, бұл фильмде қазақстандық көрерменнің көзайымына айналып үлгерген актер Кенан Имирзалыоглу басты рольді сомдайды. Түрік фильмдері 25 қарашаға дейін әр кеш сайын елордалық кинотеатрлардың бірінде көрсетілетін болады. Барлық фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен сүйемелденеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кино көрсетілімдер Қазақстан мен Түркия халықтарын одан әрі жақындастырады және екі ел арасындағы мәдени диалогқа өз үлесін қосады.

АЛМАГҮЛ ИСИНА, ҚР ТҮРКИЯ ЕЛШІЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЮНУС ЭМРЕ АТЫНДАҒЫ ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

-  Бұл фильмдердің жанрлары әртүрлі. Тарихи кинолар бар, драма кинолар бар, романтикалық кинолар бар. Бұл фильмдердің сценаристері және режиссерлері – өте танымал түріктің азаматтары. Бұл фильмдердің барлығы өз жанрының ең үздігі.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: pinterest.com