Пусан әртістері Елордада корей дәстүрлі өнерінің концертін ұсынды

«Астана Балет» театрында Пусан ұлттық Корей дәстүрлі өнер орталығы әртістерінің қатысуымен «Beautiful Korea. Dynamic Busan» атты Корей дәстүрлі өнерінің концерті өтті.

Шара Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты негізге ала отырып орайластырылған. Кореядан арнайы келген әртістер талғампаз көрерменге Пусан қаласына тән дәстүрлі орындаушылық өнердің бірегей мәдениетін көрсететін қызықты музыка мен би кешін ұсынды.

Айта кетейік, кешті Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.

КАН ДЖОН ЕНГ, ПУСАН ҰЛТТЫҚ КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ОРТАЛАҒЫНЫҢ ӘРТІСІ:

– Біз алып келген концерттік бағдарлама көрермен көңілінен шықты деп ойлаймын. Кеште түрлі дәстүрлі би өнерімен қатар, дәстүрлі аспаптармен әуендер орындадық. Ең бастысы – қазақ халқы үшін арнайы номер дайындадық, яғни аспаптардың қолдауымен «Дудар-ай» әнін ұсындық. Бұл – біздің Қазақстанға алғаш келуіміз. Қазақстар –қонақжай халық екен. Барлығы ұнап жатыр.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: ussurmedia.ru