Елордада «Сезім толқыны: Германия 19/19» фотокөрмесі ашылды

Сезім және эмоция. Неміс халқының өткен ғасырдағы тарихи оқиғалары жеке көзқарас арқылы. «Сезім толқыны. Германия 19/19». Елордада осындай тақырыпта ерекше көрме қанат жайды.

Оны Германияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды. Авторлары – неміс тарихшылары Уте и Беттина Фреверт. Экспозициядан мұрағат фотосуреттерін, тарихи құжаттарды, ақпараттық коллаждар мен бейнефрагменттерді тамашалауға болады.

Өнертанушылардың айтуынша, көрме келушілерге Германия мемлекетінің тарихындағы маңызды оқиғаларды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

БАУЫРЖАН САҒИЕВ, ЗАМАНАУИ ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ:

  - Бұл көрме неміс мемлекетінің 100 жылдығына, Берлин қабырғасының құлау оқиғасына 30 жыл толуына арналған. Бұл шын мәнінде, ақпараттық көрме деуге болады. Әрбір постерден белгілі бір уақытта Германия халқы сезінген сезімдер есіп тұрғандай. Бұл – жаһандық жоба, Оны Германия елшілігі барлық елдерде ұйымдастырады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: afisha.74.ru