ҚР Тұңғыш Президентіне тартылған дипломатиялық сый-сияпаттар елордадағы көрмеде ұсынылды

Елордадағы Тұңғыш Президент мұражайы көпшілік назарына Нұрсұлтан Назарбаевқа әр кезеңдерде сыйға тартылған бірегей кәдесый бұйымдарының коллекциясын ұсынды.

Экспозицияға фарфордан және керамикадан, әйнектен және металдан, тастан және ағаштан жасалған кәдесыйлар қойылды. Дипломатиялық сый-сияпаттар түрлі формаларымен, дайындау техникаларымен ерекшеленеді.

Сарапшылардың айтуынша, ұсынылған өнер туындылары Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарды дамытуға және нығайтуға ықпал ететін мәдениет диалогын бейнелейді. Көрме «Музей жинағы» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында дайындалған. Шара ағымдағы жылдың соңына дейін өз жалғасын таппақ.

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мұнда Түркия, Ресей, Белоруссия, Жапония, Индонезия, Вьетнам шеберлерінің тамаша өнер туындылары қойылған. Сондай-ақ бұл көрмеде Венеция шынысының тамаша үлгілері, фарфордан, шыныдан жасалған таңдаулы өнер туындылары бар. Әрбір экспонат баға жетпес сыйлық болып табылады. Себебі мұндағы сыйлықтардың барлығы Тұңғыш Президентіміздің өз әріптестерінің, басқа елдердің басшыларының алдындағы құрметі мен сенім деңгейін көрсетеді.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: lenta.inform.kz