«Санкт-Петербург Опера» театры Қазақстанға гастролдік сапармен келді

Қазақстанға алғаш рет «Санкт-Петербург Опера» мемлекеттік камералық музыкалық театры гастролдік сапармен келді. Ресейлік өнерпаздар «Астана Опера» театрының сахнасына екі бірдей қойылым қамдап әкелді.

Оның бірі – Джузеппе Вердидің әйгілі «Риголетто» операсы. Елордалық көрермен ұлы композитордың психологиялық драмасын жаңа нұсқада тамашалай алды.

Сондай-ақ ресейлік театр елордалықтар мен қала қонақтарының назарына Жорж Бизенің «Інжу іздеушілер» операсын ұсынды. Экзотикалық Цэйлон аралында өрбіген оқиға көрерменін әуен қанықтығы, драммалық мәнерімен баурай алды. Классикалық туындылар жаңа қырынан танылғанымен қоюшы режиссер Юрий Александровтың  жұмысы жергілікті өнер сүйер қауым үшін жақсы таныс. Ол бұған дейін де елімізде 13 бірдей қойылымды сахналап, Қазақстанның мемлекеттік марапаттарына ие болған.

ЮРИЙ АЛЕКСАНДРОВ, ОПЕРА РЕЖИССЕРІ, РФ ХАЛЫҚ АРТИСТ: 

 - Мен Израильдегі гастрольдік сапардан бас тарттым. Себебі ол дәл осы кезге жоспарланған еді. Нұр-Сұлтан қаласы дегенде өз таңдауымды ойланбай жасадым. Өйткені бұл сапар мен үшін аса маңызды. Осы елдің біршама театрын ашып, талай туындым Қазақстан сахнасында қойылды. Сондықтан лайықты деген аса күрделі клласикалық туындылар әкелуге тырыстым. Мәселен, «Риголетто» операсында қолданылған дауыстар ауқымы кең, оркестор толықтай қатысып, классикалық мәдениеттің бірегейлігін барынша ашады. «Риголеттоны» гастрольге алып шығу оңай емес.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: lenta.inform.kz