Қазақ батырлары Лондон төрінде өнер көрсетті

Қазақ батырлары Лондон жұртшылығын тәнті етті. Трафальгар алаңында «Орда» этно-жобасының қатысушылары өнер көрсетті. Халқымыздың ежелгі батырларының киім-кешектерін киіп, қару-жарақтарын асынған жігіттер саяхатшыларды шынымен де таңдай қақтырды.

Батырлардың флеш-мобы Елизавета ІІ ханшайымның лондондық ресми резиденциясы алдында жалғасты. Туристер мен халық арасында батырлардың өнеріне деген қызығушылық арта түсіп, араларында қай мемлекеттен келгендерін білгісі келгендері шығып, әңгімеге де тартып жатты.

ДУМАН ӘМИН, «ОРДА» ЭТНО-ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

 - Бұл жаққа келудегі мақсатымыз жаңағы ұлттық киімдерімізді өзге шетелдіктер біліп, танып, біздің мемлекетіміздің осындай көне ғасырдан бергі тарихынан ежелгі ата-бабаларымыздың жаугершілік заманда киген ұлттық нақыщтағы киімдерін насихаттау мақсатында танытып жатқан жайымыз бар.

САУАЛНАМА:

-Мен АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт қаласынанмын. Бүгін Біріккен Корольдікке келіп, аз-маз бос уақыт табылған соң Букингем сарайына достарымызбен бас сұққанбыз. Біз үшін бұл жәй сәйкестік емес, одан да асқан дүние – батырлармен суретке түсу, олардың шеруін көру, қуанышына ортақтасу. Осы тарихи сәттің бір бөлігі болу – мен үшін үлкен бақыт.

-Батырларыңыз мені өте-өте ерекше әсерге бөледі. Олардың киген киімдері маған қатты ұнады. Жауынгерлерді Букингем сарайы алдында көргеніме қуаныштымын. Осыдан кейін мен елдеріңізге барғым келіп кетті.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Фото: city04.kz