Елордада Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

Қазақ поэзиясының құлагері, Ұлы даланың жүйрік ақыны, заманынан оза шапқан жазушы, драматург. Елордада Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Ақын және оның музасы» атты әдеби-театрланған кеш өтті.

Мәдени шара  қонақтары сөз зергерінің «Күйші» поэмасы және Мұхтар Әуезовтың «Хан Кене» трагедиясы желісінен үндестік тапқан қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ кеште қоғам қайраткерінің шабытын оятқан жары Фатимамен арасындағы махаббат, өмірі мен шығармашылығы көрініс тапты.

Құлагер поэмасынан үзінділер ағылшын тілінде оқылды. Енді бір ерекшелігі сахналық қойылымды бастан-аяқ Назарбаев Университетінің нақты ғылыми мамандықтарда оқитын студенттер ойнап шықты.

ГҮЛТАС ҚҰРМАНБАЙ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл балаларды рухани жағынан өсіреді. Олардың рухани қабілетін оятады. Сондықтан біз осындай іс-шараларды өткізіп отырамыз. Бұл балалар ешқандай да актер емес, гуманитарлық мамандықтарда оқитын балалар емес, инжинерлер, медиктер, саясаткерлікке оқитын балалар. Бірақ сахналық қойылымда ойнау – олардың бойындағы комплекстен шығуына көмектеседі. Одан шыққан бала барлық жерлерде ойын еркін жеткізе алады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: e-history.kz