«Астана Опера» сахнасында «Дон Кихот» балеті қойылды

«Астана Опера» сахнасында атақты Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балеті көпшілік назарына ұсынылды. Қойылым Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен бір айға жуық дайындалған.

Айта кетерлік жайт, Базилдің партиясын бұл спектакльде балеттің солисті Далер Запаров орындады. Бұл – жас өнерпаздың отандық сахнадағы дебюті.

Оның айтуынша, әрбір балет солисті алғашқы рольдерінің бірі дәл осы Базилдің партиясы болғанын армандайды.

ДАЛЕР ЗАПАРОВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫ БАЛЕТІНІҢ СОЛИСІ:

 - Менің партиям бұл қойылымда негізгі рөлдердің бірі болып табылады. Өте қызықты рөл. Академияға аяқ басқан әрбір жас өнерпаз алғашқы балеті дәл осы Дон Кихот болғанын армандайды. Техникалық жағынан жабдықталған, ойнайтын партиясы да жетерлік. Мен бұл қойылымда өз ісінің шеберлері, мықты мамандар Алтынай Асылмұратова және Константин Заклинскиймен дайындалдым.

Танымал балетті тамашалауға келген көрермендердің санында есеп болған жоқ. Көрнекті спектакль жанды шымырлататын бейнелі кейіпкерлерімен, жасампаз оқиғалар желісімен, әуенімен, биімен көптің көңілінен шықты.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: Хабар 24