Елордада «Азиядағы сенім мен ынтымақтастықтың ұлттық көрінісі» көрмесі өтті

«Азиядағы сенім мен ынтымақтастықтың ұлттық көрінісі». Елордада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің фотокөрмесі өтті. Мұнда бастаманың мәні мен жүзеге асырылған жұмыстар ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы жариялаған болатын. Бұл Азия аймағында осы саладағы ынтымақтастықтың мүлдем жаңа форматын қалыптастырудың бастамасы болды.

Сарапшылардың айтуынша, диалог алаңын құру аймақтық қауіпсіздік мәселелерін жаһандық қауіпсіздік жүйесіне біріктіруге көмектескен.

ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Көрме көпшілікке ұсынылды. Онда түрлі диалог алаңдары туралы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі осы бағытты жақсарту жөніндегі жұмысы туралы фотоматериалдар көрсетілді. Өйткені бір мемлекетке төнген қауіп – бұл бүкіл Орталық Азия аймағына қауіп төнді деген сөз. Сондықтан кеңесте бірігіп, сондай-ақ Ассамблея Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі қызметіне енгізетін өз ұсыныстары – осы бағыттағы нақты қадамдар болып табылады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: today.tj