Нұр-Сұлтанда «Шабыт-2019» фестивалі басталды

Нұр-Сұлтан қаласында «Шабыт-2019» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі ашылды. Дәстүрлі байқау әдеттегідей жергілікті және шетелден келген 16 мен 30 жас аралығындағы дарынды музыкантарын бір сахна төріне жиды.

Өнерпаздар кезекті рет скрипка және фортепианоның сүйемелдеуімен Моцарт, Бах, Паганини, Венявский, Мендельсон, Прокофьев, Чайковский сынды ұлы классиктердің туындыларын орындайды. Фестиваль қатысушыларының шеберлігін халықаралық деңгейдегі өнер майталмандары бағалайтын болады.

ГЕРНОТ ВИНИШХОФЕР, ВЕНА КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, /АВСТРИЯ/:

 - Бұл – студенттер үшін үлкен көмек, деңгейлері жыл сайын өсіп келетінін байқадым. Мен байқауға дәстүрлі түрде қатысамын. Бұл Қазақстан мен Еуропа арасындағы тәжірибе алмасу деуге болады. Біз өзіміздің үздік артистеріміз және дирижерларымызды алып келіп, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, білгенімізді үйретеміз.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: inform.kz