Данелия Төлешова Қазақстан туризмінің елшісі атанды

Данелия Төлешова Қазақстанның туризм елшісі атанды. Енді танымал өнерпаз отандық туризмді әлемдік аренада ресми түрде насихаттайтын  болады.

Туризм елшісін тағайындау рәсімі елордада Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «ZhasStar» фестивалінде өтті.

Данелия Төлешова – өзінің кіші жасына қарамастан, елді танымал етуге үлкен үлесін қосып үлгерген әнші. Шарын шатқалында түсірілген «Өзіңе сен» бейнебаяны жоғарыда айтылған сөзімізге тағы бір дәлел болмақ.

ДАНЕЛИЯ ТӨЛЕШОВА, ӘНШІ, ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНІҢ ЕЛШІСІ:

 - Шет елдерден келген туристердің менің туған жеріме деген қызығушылығын арттыруға үлес қоса алатыныма қуаныштымын. Маған осындай сенім артылып отыр, бұл – мен үшін зор құрмет. Шет елдерге жиі сапар жасаймын. Енді жүрген жерімде Қазақстан туралы айтып жүремін.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: inbusiness.kz