«Солистер академиясы» жұртшылыққа жаңа концерттік бағдарлама ұсынды

Елорда төрінде «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарына Дүниежүзілік итальян тілі апталығы аясында жаңа концерт ұсынды.

«Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрімен бірге сахнада белгілі италиялық пианист Джулиано Маццоканте өнер көрсетті. Концерт бағдарламасына шетелдік композиторлардың үздік классикалық туындылары енген.

Талғампаз тыңдарман Ференц Лист пен Антон Брукнер сынды белгілі композиторлардың шығармаларын тыңдай алды.

Айта кетейік, шара Италия елшілігімен бірлесе ұйымдастырылды.

ДЖУЛИАНО МАЦЦОКАНТЕ, ПИАНИСТ:

 - Бұл менің Қазақстанға жасап отырған алғашқы іссапарым. Бұл елге келгеніме өте қуаныштымын. Мұндағы көрерменмен жүздесу – үлкен қуаныш. Дирижер де жақсы, оркестр де тамаша. Бұл сахнада өнер көрсету маған үлкен ләззат сыйлайды. Оның ішінде Брукнердің симфониясын ойнап жатқандығымыз мен үшін үлкен маңызға ие. Жалпы, қазақстандық оркестрмен бірге өнер көрсету мәртебе деп білемін.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: dailynews.kz