Нұр-Сұлтанда Түркияның Гөбеклітепе ғибадатханасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан қаласында Түркияда орналасқан Гөбеклітепе ғибадатханасы туралы фотокөрме ашылды.

Онда ерекше қасиетке ие ежелгі археологиялық ескерткіштің 30-дан астам фотосуреті көпшілік назарына ұсынылды.

Еске салайық, Гөбеклітепе әлемдегі ең ескі тарихи нысан саналады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, ғибадатхана шамамен 12 мың жыл бұрын салынған. Киелі мекен 1963-жылы жүргізілген қазба жұмыстарының барысында анықталды.

Жақында ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енді. Түрік сарапшыларының пікірінше, көне кешен әлемдік археологиялық және туристік орталыққа айналуы тиіс. Бұл орайда, биыл Түркияда Гөбеклітепе жылы деп жарияланып, ғибадатхана жаһандық деңгейде кеңге насихатталып жатыр.

АЛМАГҮЛ ИСИНА, ЮНУС ЭМРЕ АТЫНДАҒЫ ТҮРІК МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

-  Шанлыурфада «Гөбеклітепе» деп аталатын музей бар. Сол мұражайда осы археологиялық табылған заттардың барлығы қазіргі кезде жұмыс істеп тұр. Қазақстандықтарды осы музеймен таныстыру мақсатында ашып отырмыз. Суреттер әртүрлі уақытта салынған. Өздеріңіз көріп отырғандай тастардың барлығы әртүрлі археологиялық монументтерді ешкім тонамаған. Табиғи ортада болғаннан кейін бүлінбей  бүгінге дейін жеткен.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: aa.com.tr