Елордада Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған концерт өтті

Нұр-Сұлтанда белгілі ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған концерт өтті. Оның шығармашылығы – отандық мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі.

«Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызының құрметіне музыкалық кеш арнады. Концерт барысында  Фариза Оңғарсынованың халық арасында сүйікті өлеңдері, сонымен қатар заманауи музыканттардың ерекше композициялары орындалды. Көрермендер төрт жолды өлеңдерде ақындық ерекшеліктерді сезіне білді.

АРДАҚ ЕЛЕУСІЗ, «АСТАНА САЗЫ» ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬІНІҢ ДОМБЫРАШЫСЫ:

- Бүгінгі кеш – халық ақыны, қазақ ақыны, қазақ жазушысы Фариза Оңғарсынова апамыздың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған кеш. Бұл кеште Фариза апамыздың өлеңдері оқылып, шығармашылығы таныстырылады. Іс-шарада «Астана сазы»  этно-фольклорлық ансамблі және Ерболат Шалдыбеков, Күнсұлу Түріпен сынды дәстүрлі әншілеріміз өнер көрсететін болады.

Фото: Астана Ақшамы