Жазушы Эльчин Сафарли Нұр-Сұлтанда дарынды жастармен кездесті

Қазақстан шабыттандырады. Төрткүл дүниеге танымал әлемдік бестселлерлердің авторы Эльчин Сафарли осындай пікір білдірді.

Жазушы еліміздің табиғаты мен байтақ даласына тәнті болғанын, сондай-ақ қайталанбас архитектуралық келбетімен ерекшеленетін елордамыздан керемет әсер алғандығын атап өтті. Шығармашылық үшін осындай жағымды эмоциялар қажет, дейді ол.

Эльчин Сафарли Нұр-Сұлтанда дарынды жастармен кездесу барысында шеберліктің құпияларымен бөлісті.

ЭЛЬЧИН САФАРЛИ, ЖАЗУШЫ:

 - Мен тек жас жазушыларға ғана емес, жалпы өз-өзін іздеп жүрген, оқып, танып жүрген жастарға, бір орында тұрмай, одан әрі дамуға кеңес беремін. Ұялмай, міндетті түрде сұрауға, жаңа біліммен сусындауға және өз өмірлерін өздері қалағандай жүрек қалауына қарай еркін сүруге шақырамын. Бұл қаладан керемет әсер алдым. Нұр-Сұлтан менің сүйікті қалаларымның қатарында. Ауасы кең, даласы байтақ. Әдемі архитектуралық ғимараттар өте көп. Бұл қалада болған маған ұнады. Көктемде тағы келемін деп ойлаймын.

Фото: 1news.az