Елордада украин халық шығармашылығының IV халықаралық фестивалі өтті

«Біз біргеміз, біз бір отбасымыз!». Елордада 4-ші рет украин шығармашылығының халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль тек Украинаның ғана емес, Қазақстан, Ресей және Польшаның вокалдық-хореографиялық, би және халық ұжымдарының басын қосты. Олар концерттік бағдарламаға қатысты.

Сондай-ақ іс-шара аясында Қазақстанда жастардың жылына арналған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мен фотоэкспозиция ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, Республика этностарының мәдениетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

ЛЮБОВЬ КЛИМЕНКО, ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫСЫ:

-  Біз қазақ әндерін, сонымен бірге әр түрлі әндерді жаттап айтамыз. Біз өзге ұлт өкілдерімен тату-тәттіміз. Достығымыз берік. Біз шын мәнінде үлкен отбасы болып табыламыз. Жастар біздерді көріп, естігенін қалаймыз. Мысалы, мына жас қыздар украин костюмдерін киіп, сәнденгені ұнайды. Ең бастысы – мұнда өзге ұлт өкілдерінің бар екендігі.

ИВАН КУЛЕБА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УКРАИНАНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Бізде Қазақстан аумағында 19 бірлестік бар. Украиндықтардың қоғамдық бірлестіктері. Бізде украин ұйымы жоқ бірде-бір аумақ жоқ.  Біз, әрине, ең алдымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясында тікелей өткізілетін жұмыс үшін өз алғысымызды білдіреміз. Бізде экономика, саясат, мәдениет салаларының барлық бағыттарында жұмыс істейді. Бізде украиндықтардың белсенді қызметінің көптеген мысалдары бар.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: assembly.kz