Нұр-Сұлтанда VIII халықаралық жас скрипкашылардың байқауы өтуде

Нұр-Сұлтанда VIII халықаралық жас скрипкашылардың байқауы өтуде. Оған Ресей, Австрия, Германия және өзге де елдердің түкпір-түкпірінен келген 10 мен 28 жас аралығындағы талантты музыканттар қатысып, бәйгеде бағын сынауда.

Қатысушылардың орындаушылық өнерін әлемнің скрипка мектептерінің үздік өкілдері бағалайды. Олар – беделді педагогтар, профессорлар және еңбек сіңірген әртістер. Сондай-ақ байқау аясында қазылар алқасы шеберлік сыныптарын өткізеді. Қатысушылар болса, олар сахнада классикалық музыканың жауһарлары мен ұлттық композицияларды да орындайтын болады.

БОРИС КУШНИР, ВЕНА КОНСЕРВАТОРИЯСЫ МЕН ГРАЦ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МУЗЫКА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Мен әлемде көптеген конкурстардың қазылар алқасында құрамында болдым. Байқаулардағы менің ұстанатын басты мақсатым – таланттарды табу. Бұл – мен үшін маңызды. Егер байқау барысында  жақсы скрипкашы табылмаса, менің ойымша, байқау 100%-ға сәтсіз өтті. Егер біз кем дегенде бір, екі, шын мәнінде, жас таланттарды табатын болсақ, онда менен бақытты адам болмайды. Ондай жағдайда байқау сәтті өтті деп ойлаймын.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Бұл жерде көбі – біздің тәрбиеленушілеріміз. Себебі біздің тәрбиеленушілеріміз, біздің студенттер мен оқушылар өздерінің шеберліктерін жетілдіріп, шыңдағанын қалаймыз. Сондықтан біз оларға осындай мүмкіндік беріп отырмыз. Осындай байқаулар арқылы Қазақстанның атынан үлкен халықаралық ареналарда өнерін көрсететін, елінің намысын қорғайтын дарынды балаларды табамыз деп үміттенемін.

Фото: yorick.kz