Елордада «Үш бәйтеректің» 125 жылдығына арналған концерт өтті

«Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың үш бәйтерегі, бар өмірін халқының руханиятына арнаған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ільяс Жансүгіровтің 125 жылдығана арналған концерт ұсынды.

Аталмыш кеште ҚР Мәдениет қайраткерлері, талантты дәстүрлі әншілер, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Ұлы тұлғаларға арналған концерт ансамбльдің көркемдік жетекшісі, белгілі композитор Бауыржан Ақтаевтың жетекшілігімен өтті. Оның айтуынша, мұндай концерттер өткен тарих пен болашақты ұштастыратын көпір іспеттес. Сондай-ақ өскелең ұрпаққа рухани азық, көмек болары да сөзсіз.

БАУЫРЖАН АҚТАЕВ, «АСТАНА САЗЫ» ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Үш бәйтерегіміздің жалпы есімдерінің өзі таңғаларлықтай ғой. Бұл концерт – ерекше. Мына кейінгі ұрпаққа жеткізсек екен дейміз. Біз – екі ортадағы алтын көпірміз ғой. Өткенімізді қандай жолмен болса да кейінге жеткізуіміз керек. Поэзия кештерін өткіземіз бе, жыр кештерін өткіземіз бе, ең бастысы – ол кісілердің алтын қорын кейінге мұра ретінде қалдыру керек.

Фото: qazaqconcert.kz