Қазақстан мен Ресей мұражайларының әріптестігі

Қазақстан мен Ресей мұражайлары көшпелі көрмелер ұйымдастырып өзара шеберлік алмасуды мақсат тұтып отыр.

Сондай-ақ қос тараптың ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде жұмыла әрекет етпекші. Атырау өңірінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы көршілес елдің Астрахань және Волгоград облыстарының музейлерімен әріптестік қарым-қатынас орнату бойынша келісімге қол қойды. 

АНАТОЛИЙ МАЛЬЧЕНКО, ВОЛГОГРАД ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /РФ/:

 - Біз қазастандық музей-қорықтармен әріптестік орнатуға үлкен құлшыныспен кірісеміз. Қазақстан халқы біздің музейдегі жәдігерлермен танысса, біздің Волгоград музейіне келушілер қазақ елінің батыс облысытарының тарихымен танысуға мүмкіндік алады.   

АЙБЕК ТҰРАРҰЛЫ, «САРАЙШЫҚ» РМК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазір біздің «Сарайшық» музей-қорығында астраханьдық археолог ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Олар – Плахов, Пантелеев, Бирюков деген сүретші-топографтар. Олар бізге келіп істеп жатыр, өз жеріне де бізді шақырады. Болашақта Ресей жерлерінде де қазба жұмыстарын жүргізу ойымыз бар.

Алдағы уақытта  екі елдің музей-қорықтары арасында ғылыми-зерттеу және туристік әлеуетті жанданып, өзара қарым-қатынас аясы кеңейетіндігіне зор мүмкіндіктер бар.

Фото: camonitor.kz