Елордада Николай Рерихтің 145 жылдығына арналған көрме ашылды

Махаббаттың зор күші. Елордадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында орыс суретшісі, жазушысы, философ Николай Рерихтің 145 жылдығына арналған көрме қанат жайды. Экспозицияда оның еңбектерімен қатар, өмірбаянынан сыр шертер жәдігерлер ұсынылды. Әлемдегі бейбітшілікті мәдениеттің күшімен ғана сақтауға болатынына кәміл сенген Николай Рерихтің осы ұстанымы қазір де өзекті, дейді мамандар. Бүгінде оның 7 мыңнан аса жұмысы әлем мұражайларында және жеке коллекцияларда сақтаулы тұр. Елордаға 20 туындысы әкелінді.

НИКОЛАЙ МАЛЬЦЕВ, РЕСЕЙ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Біз үнемі Ресейдің тарихына, мәдениетіне, өнеріне қатысты мерекелік даталарды атап өтуге тырысамыз. Атап айтар болсам, ол түрлі көрмелер, концерттер, әдеби-мукалық кештер болуы мүмкін. Біз әрине де бұл тарихи тұлғаның өнері мен өміріне қатысты айтулы датаны айналып өтіп кете алмадық. Николай Рерих – ол суретші, жазушы, философ, ғалым, саяхатшы және қоғам қайраткері. Өте жан-жақты танымал азамат болған.

Фото: ksors.kz