Роза Рымбаева Ташкентте концерт берді

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның Ташкентте жеке концерті өтті. Шығармашылық кеш Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында ұйымдастырылды. Кеш барысында Қазақстан эстрадасының примадоннасы танымал туындыларымен қатар, жаңа әндерін де талғампаз көрермен назарына ұсынды.

ЖЕҢІС СЕЙДОЛЛАҰЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұның ең басты мақсаты – екі елдің мәдениеті өте жақын болса, салт-дәстүріміз бірге, біз жай ғана көрші емеспіз, біз бауырлас, туысқан халықпыз. Біз соны әрқашанда алға тартуымыз керек.  Ал мәдениет адамдары жүректері нәзік болғаннан кейін, бір-бірімен жақын араласқаннан кейін, екі ел бір-біріне жақын болады. 

Әншінің шығармашылығы тек қазақстандық өнерсүйер қауымды ғана емес, шетелдік көрермендерді де баурап үлгерген. Ол Жапония, Ресей, Түркия, Беларусь елдерінің үздік сахналарында өнер көрсеткен. Бүгінгі таңда Роза Рымбаева «Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын иеленген.

Фото: ARNA NEWS