Елордада Қытай қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі ашылды

Елордада «У жяң Өрнектері» атты Қытай қылқалам шеберлерінің Қазақстандағы сурет көрмесі ашылды. Өнерсүйер қауым назарына аспан асты елінің бүкілқытайлық суретшілер қауымдастығының мүшелері бастаған танымал суретшілердің 55 жұмысы қойылды. Көрме бейнелеу өнері тұрғысынан өркениеттердің тоғысу нәтижелерін көрсетуге, әрі «Бір белдеу, бір жол» бойындағы аймақтардың мәдени мұралары мен жасампаздық жолын зерделеп, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдениет пен өнер алмасулары мен ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

ГУАН ХУҢЧЭН, СУРЕТШІ, ПРОФЕССОР / ҚЫТАЙ/:

-  Көрмеге мен өзімнің 2 жұмысымды алып келдім. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше рет келген болатынмын. Жалпы Қазақстанды қосқанда мен әлемнің 30-40 елінде көрмелерге қатысқанмын. Біздің суретшілердің мақсаты – осындай шараларды өткізу арқылы екі ел арасындағы өнерпаздардың қарым-қатынасын қалыптастыру және тәжірибе алмасу.

Фото: sxodim.com