Қырғызстанда ТҮРКСОЙ фотосуретшілерінің шығармашылық кездесуі өтуде

Қырғызстанның Ош қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің фотосуретшілерінің шығармашылық кездесуі өтуде. «Ош – Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған фотошеберлердің 16-шы дәстүрлі жиыны 9 елден келген қатысушылардың басын қосты. Бірнеше күн бойы олар қырғыз шаһарының тарихи-мәдени және табиғи көрікті жерлерімен жақырынақ танысуға, сондай-ақ ерекше сәттерді бейнелеуге мүмкіндік алады. Фотосуретшілер өз жұмыстарын есепті көрмеде таныстырады.

АСҚАР ТҰРҒАНБАЕВ, ТҮРКСОЙ-дың ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ:

- Олар Ош қаласының мәдени орындарын түсіреді, олар адамдарды түсіреді, олар мәдениетті түсіреді. Яғни осында өмір сүретін тірі мәдениетті, мұнда жасалатын қолөнерді түсіретін болады. Міне, кейін олар мұның барлығын өз арналарында, веб-сайттарында жариялайды. Осылайша, мұның барлығы әлемге жарнамаланатын болады.

Фото: kabar.kg