Димаш Құдайбергенов «ABU TV Song Festival 2019» фестивалінде Қазақстан намысын қорғайды

Димаш Құдайбергенов Токиода өтетін «ABU TV Song Festival» фестивалінде Қазақстан намысын қорғайды. Бұл – Димаштың Жапонияда алғаш өнер көрсетуі.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы, оның құрамына «Хабар» Агенттігі кіреді. Концертте Азия-Тынық мұхит аймағына кіретін әр елдің үздік әртістері өнер көрсететін болады. Фестиваль жарыстық сипатқа ие емес.

Музыкалық концертті «Хабар» телеарнасының эфирінде көруге болады.

ДИНАРА БИСЕМБИНА, «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз Димаш Құдайбергеновтың Қытайда, атап айтқанда Азияда үлкен аудиториясы бар екенін білеміз. Біздің агенттік телеарна эфирінде аталмыш фестивальді көрсететін болады. Сондай-ақ басқа елдер де қатысатын болады. Атап айтар болсам, Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттер. Қазақстанның осы одақта болуы және бұл фестивальде біздің жарық жұлдызымыз әлемге елімізді 19 қараша күні Токиода танытатындығы – біз үшін үлкен мәртебе.

Фото: Instagram