«Астана Балет» театрында «Кончерто Барокко» спектаклінің премьерасы өтті

«Астана Балет» театрының сахнасында «Кончерто Барокко» спектаклінің премьерасы өтті. Алғаш рет 1941 жылы қойылған қойылым әлі күнге өзектілігін жоғалтпаған. Және әлемнің жетекші театрларының репертуарынан орын алып келеді. Ерекшілігі – «Кончерто Бароккода»  сюжет желісі жоқ. 

Сахнада Баланчиннің өзі сәнге айналдырған минимализм салтанат құрады. Атақты бір актілі балет елордалық көрермен назарына маэстроның шәкірті, француз хореографы Нанетт Глушактың интерпретациясында ұсынылды.

НАЗЕРКЕ АЙМҰХАМЕТОВА, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Осы балетке негізі 2 апта ғана уақыт берілген болатын. Бірақ бізбен бірге жұмыс істеген Глушак Нанеттпен оңайырақ болды деп ойлаймын. Өйткені бізге әрдайым көмектесіп, кейбір қимылдар дұрыс болмай жатса өзінің ақыл-кеңестерін беріп, бізбен бірге жұмыс істеді.

ЗӘУРЕ ҮМБЕТҚҰЛОВА, «АСТАНА БАЛЕТ» БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ МЕҢЕГЕРУШІСІ:

-  Біз барлық жанрда билейміз. Нақтырақ айтсам, біздің репертуарда классика да, неоклассика да, модерн де бар. Сондай-ақ ұлттық блокта өте жақсы қамтылған.

Фото: tengrinews.kz