Елордада опера әншісі Ерік Құрманғалиевті еске алу кеші өтті

Елордада атақты опера әншісі Ерік Құрманғалиевті еске алуға арналған концерт өтті. Ең биік ерлер дауысының иесі әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп, опералар орындаумен бірге, өнерсүйер қауымды жеке бағдарламалармен де жиі қуантатын. Қазақстандық артист репертуарының бір бөлігі музыкалық кештің бағдарламасына енгізілді. Ерік Құрманғалиевтің әріптестері көрерменге әлем классикасының шедеврлерін, отандық авторлардың туындыларын орындап берді.  

БАТЫРЖАН СМАКОВ, ҚАЗҰӨУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

-  Ол бірегей дауысының арқасында Гиннесс рекордтар кітабына енген. Оған Шнидкенің өзі музыка жазған. Ерік Құрманғалиевтің құрметіне арналған осы кешке оның жақын достары келіп отыр. Олар – атақты пианист Александр Котовщиков,  сопрано, Мәскеудегі Үлкен театрдың солисі Лариса Рудакова. Екі контр-тенор – Рустам Яваев және Олег Рябец те бар. Көрермен қауым осындай сирек дауыс иелерінің өнерін тамашалап, музыка кешінен ләззат алғанына сенімдімін.  

Фото: esquire.kz