«Астана Опера» театрының жаңа маусымының ашылуы

Әлемге әйгілі пианист Людвиг Ван Бетховеннің махаббат пен өмір құпиялары туралы бірегей қойылымын «Астана Опера» театры көпшілік назарына ұсынуға дайындауда. Неміс хореографы Раймонд Ребек жетекшілігімен әзірленетін қойылымның премьерасы келесі жылға жоспарланған. Шара ұлы композитордың 250 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

-  Әлем атап өтетін мерекелік шараға біз де атсалыссақ деген ой туды. Жоспарланған қойылым «Астана Опера» труппасы үшін мүлдем жаңа. Бұл шара ақпан айына жоспарланған.

Театрдың VII маусымы елордалық көрермендерді балет қойылымдарымен ғана емес, опералық премьералармен де қуантпақ. Сондай-ақ Ресейдің екі қаласына гастрольдік сапар жоспарланған. Ал алдағы айларда елордалық театр сахнасында екі премьера күтілуде. Ол француз балетмейстері Ролан Петидің «Копелиясы» және Джузеппе Вердидің атақты «Дон Карлос» операсы.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА,  РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Жоспарларымыз көп. Жалпы бізде жылына 2 жаңа қойылымнан дайындалады. Өткен жылы маусымның соңында «Жизель» премьерасы қойылды. Келесі жыл да мазмұнды болғалы тұр. Менің ойымша, екі премьера да өте жақсы деңгейде өтеді. Біздің міндетіміз – қазақстандық балетті бүкіл әлемге таныту.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: astanaopera.kz