Елорданың «Қуыршақ театры» 10 жылдығын атап өтеді

Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театры 10 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленіп жатыр. Бұл атаулы датаға орай елордада халықаралық фестиваль ұйымдастыру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

2010 жылы құрылған өнер ордасының ұжымы осы уақыт ішінде талай белесті бағындырды, әлемдік деңгейге шықты. Халықаралық ынтымақтастық орнатып, Италия және Түркия театрларымен достық қарым-қатынасты нығайту туралы келісім жасасты. Ал ең алдымен, кішкентай көрермендердің жүрегін жаулай алды.

Бүгінде Қуыршақ театрының сахнасынан төл аңыз-ертегілермен бірге, шетелдік және отандық заманауи туындыларды да тамашалауға болады.

ҚҰРАЛАЙ ЕШМҰРАТОВА, «ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ» КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

-  Репертуарымызда бүгінде 24 қойылым бар. Ол тек балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған. Осы 10 жылдың ішінде бастапқыда біз тек балаларға арнайы қойылымдар қойып жүрдік, қазір міне 2-3 жыл бойы үлкендердің назарын аударғымыз келеді. 2015 жылы «Құралай» бірінші рет өтті. Ал енді 2020 жылы 10 жылдығымызды атап, тағы осы фестивальді өткізгіміз келіп отыр.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: astana.gov.kz