Қазақ ұлттық хореография академиясы бишілерінің жетістігі мол

Қазақ ұлттық хореография академиясының бишілері өткен жылы әлемдік байқауларда 16 жоғары марапатқа қол жеткізді. Жас балетмейстерлер 14 халықаралық сайысқа қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Олардың қатарында германиялық Тансалимп, Италия мен Латвиядағы дәстүрлі конкурстар және Латын Америка биінен Қытайда өткен байқау бар. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнында 525 жас әртіс білім алып жатыр. Соңғы 3 жыл ішінде академия әлемдік өнер университеттерімен жан-жақты байланыс орнатып үлгерген.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

-  Біз ТМД мен Батыс елдеріндегі жоғары оқу орындарымен бірлесе академиялық тұтастық бойынша келісімдерге қол қойдық. Өзара студенттер алмасу тәжірибесін де енгіздік. Шет мемлекеттерден білікті мамандарды шақырып, шеберлік класстарын өткіземіз. Тұңғыш рет біздің маман Жапонияның Киото қаласына барып, тәжірибе алмастық. Бұл дәстүрді осы жылы да жалғастырамыз.