«Жизель» балеті жаңа қырынан танылды

Өлімді жеңген махаббаттың құдіреті. Елордада жақсылық пен зұлымдықтың  текетіресін, ақ пен қараның аражігін бимен танытқан әлемдік классикалық балеттің жауһары сахналанды. «Астана Опера» театрының репертуарлық қорындағы «Жизель» қойылымы жергілікті өнерсүйер қауымды орындарына тағы бір тана білді. 1841 жылы тұсауы кесілген спектакль әлі күнге дейін әлем сахналарынан түскен емес. Екі актіден тұратын балет туындысы Генрих Гейннің ежелгі орман перілері аңызының негізінде құрылған. Елес қыздар оқиғасының музыкалық әрлеуі – сазгер Адольф Аданның еңбегінің жемісі.  Байырғы балет жаңа қырынан көрінді. Тек бұл жолы романтизмнің сөзсіз шыңына айналған аңыздың жігерлі әрі поэтикалық рухы ғана өзгеріссіз қалды. Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова. Өз уақытында белгілі балерина «Жизель» партиясын орындаған.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, ҚОЮШЫ БАЛЕТМЕЙСТЕР

 - Біз классикалық мұраны көздің қарашығындай сақтау керек екенін ұғынып өстік. Сондықтан дәстүрлі балет ішінде «Жизель» біз үшін аса құнды. Осынау ұлы туындыны «Астана Опера» театрының сахнасында қою үшін ұзақ әзірлендік. Бұл күнді тағатсыздана күттік. Сондықтан қойылымның романтикалық рухын сақтап, көрерменге жеткізу қамында қоюшы суретшілер жалпы ұжыммен қажырлы жұмыс атқардық. Бұл іс біздің қолмыздан келді деп санаймын.

Фото: Хабар 24