Мәскеуде Қазақстан киносының күндері өтуде

Мәскеуде Қазақстан киносының күндері өтуде. Шара барысында екі отандық фильм мәскеулік көрермен назарына ұсынылды. Солардың бірі – америкадық режиссер Джефф Веспаның «Әміре» картинасы. Фильмде қазақтың күміскөмей әншісі Әміре Қашаубаевтың жарқын, бірақ қысқа және жұмбақ түрде үзілген өмірі туралы баяндалады. Сонымен қатар режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандағы. Алтын тақ» фильмі ұсынылатын болады. Картина – тарихи трилогияның II бөлімі.

РҮСТЕМ ӘБДІРАШЕВ, РЕЖИССЕР:

 - Біз қазіргі көрерменнің жүрегінен орын алу үшін, солардың баяндау стилистикасына, баяндау ырғағына жақындай түстік. Бұл – үлкен, әрі күрделі жұмыс. Ғаламтор желісінде алғашқы серия, алғашқы маусым өте сәтті өтті. Якутия, Стамбұл, Греция, Армения көрермендері тамашалап үлгерді. Бұл әрбір ұлттың тарихы деп ойламын. Сондықтан халық өз тарихын жақсы танып-білуі үшін картинаны жақсылап шығару керек.

Фото: inform.kz