Елордада «Жаннат Бақтай шақырады» атты кеш өтеді

«Жаннат Бақтай шақырады». Дәл осындай атаумен елорда төрінде сопрано дауысты опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жаннат Бақтайдың жеке шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

Белгілі вокалистің концерті 30 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Ерекше тұсы – кеште екі бірдей дирижердің өнер көрсететіндігінде. Бала кезінен Жаннатпен бірге өскен Теміржан Ержановпен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов те әріптесіне қолдау көрсетпек. Сондай-ақ әншімен бірге оның шығармашылық жолындағы әріптестері Медет Шотабаев, Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыргөзівтер де кеш барысында көрермен көзайымына айналмақ.

ТЕМІРЖАН ЕРЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ДИРИЖЕР:

– Біз бұл концерттің бағдарламасын барынша ерекше және өзгеше етеуге тырыстық. Бұл кеште түрлі опералар мен оперетталар орындалмақ. Сондай-ақ фортепианомен біраз туындылар орындалады. Оған қоса, Жаннат өзі шақырған әріптестерімен бірге шығармалар орындайды. Бұл бір жағынан дәстүрлі, ал екінші жағынан өзгешелігі басым гала-концерт болады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: astanaopera.kz