Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтеді

Биыл халық жазушысы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтіледі. Абыз тұлғаның туып-өскен жері Маңғыстау облысында мерекелік шаралар қазан айының 10-12 күндеріне жоспарланған. Әбіш Кекілбаевтың еңбек жолы мен шығармаларын ұлықтау үшін әдебиет пен өнер қайраткерлерінің Конгресі өтеді. Оған Еуропа, Жапония, Түркия мемлекеті мен көршілес Ресей елінен ғалым, зерттеушілер шақырылады. Ақтауда жаңадан бой көтерген Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталықта тарихи-өлкетану музейі ашылып, жазушыға ескерткіш тұрғызылады. Заманымыздың заңғар жазушысының 80 жылдығына арналған шаралар 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жалғасады.

ҚАНЫБЕК ЖҰМАШЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Әбіш Кекілбаевтың жаңа, өзінен кейінгі ғұмырын жастардың арасында, жалпы мәдениет және өнер қайтаркерлерінің арасында дәріптеудің жаңа ғұмырын бастау. Ағамыз өмірден өтсе де, оның артында қалған мол мұрасы еш уақытта өшпеу керек. Осы тұрғыда ұйымдастырылатын шаралар легі 10 қазанда басталады.

Фото: inform.kz