Қалиолла Ахметжанның «Уақытқа саяхат» көрмесі

Ұлы дала еліне саяхат жасап, қазақ батырларының жауынгерлік рухын сезіну. Қалиолла Ахметжанның «Уақытқа саяхат» көрмесін тамашалаған өнерсүйер қауым осындай мүмкіндікке ие болды. Экспозиция шебердің шығармашылық қызметінің 40 жылдығына және 70 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Келушілер назарына түрлі жанр мен техникада орындалған туындылар ұсынылды. 100-ге тарта картинадан автордың шығармашылық жолының түрлі кезеңдерін байқауға болады. Арасында тарихи кітаптарға салған суреттері, мультипликациялық фильмдерге арналған эскиздері, тіпті қазақ батырларының әскери сауыт-саймандарының тарихи реконструкциялары бар.

КАРИНА БЕРКЕНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

– Қалиолла Ахметжанның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқанына көп уақыт болды. Ол –қазақ батырларының қарулану тарихын зерттеумен айналысатын жалғыз маман. Осы жерде оның ғылыми жұмыстары да қойылды.

Қалиолла Ахметжанның туындылары бірегей техникада орындалған. Оны шебердің өзі ойлап тапқан. Суретші бояу қабаттарын нүктелеп басу арқылы бейне жасайды. Нәтижесінде көру бұрышына байланысты туындыны салу барысында қолданылған көркем эффектілерді әр түрлі қабылдауға болады. Суретші өткінші дүниенің сұлулығын жеткізудің осындай әдісін таңдапты.

КАРИНА БЕРКЕНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Мысалы, суретшінің муар техникасы. Ол мозайкаға ұқсас. Сондай-ақ барлық жұмыстарынан Сақ дәуірінің элементтерін, алтын бұйымдарды көреміз.

Қалиолла Ахметжанның жұмыстары Қазақстан мен Ресейдің алдынғы қатарлы музейлерінің қорларында, сондай-ақ Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Германия, Иран және Жапония коллекционерлерінің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Авторы: Зарина Асанова

Фото: egemen.kz