Стокгольмде Қазақстан кинофильмдерінің фестивалі өтті

Швецияда қазақ кинофильмдерінің фестивалі өтті. Шетелдік көрермен назарына қазақстандық киноиндустрияның әлеуетін паш ететін түрлі жанрдағы сегіз туынды ұсынылды, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Арасында халықаралық сыйлықтардың иегері атанған танымал фильмдер де бар. Бұл «Мұзбалақ» анимациялық фильмі, Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ ағаш» туындысы, Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі.  Стокгольмдегі фестивальді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің және Швециядағы елшілігіміздің қолдауымен Швециядағы Қазақстан жастарының қауымдастығы ұйымдастырды.  Сондай-ақ фестиваль қонақтары Қазақстанның көркем табиғатының фотосуреттері, қазақтың ұлттық киімдері ұсынылған көрмені тамашалай алды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

Фото: juldyz.kz